Меню KDT
Пн-Пт 07:30-18:00
Жаңаөзен қаласы. Көктем ш/а 9А
Jknig@mail.ru
Диктор экрана

Директордың блогы

Құрметті оқытушылар, ата-аналар, студенттер және оқу орнына қызығушылық танытқан жастар, талапкерлер!

Сіздерді О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің сайтында көргеніме қуаныштымын. Әр адамның кәсіби өсу жолы – мамандық таңдау сәтінен және оқу орнынан басталады. Сонымен қатар, табысты мансап та жақсы білімнен бастау алады.

Біздің мақсатымыз – студенттерімізге сапалы және қол жетімді білім бере отырып, түлектеріміздің  мамандықтар бойынша сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету.

Бүгінде О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі 37 жылдық тарихы бар облысымыздағы 14 мамандық бойынша орта буын мамандарын дайындайтын, материалдық-техникалық базасы қамтылған, қазіргі заманға лайықты оқу орны.

Білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында оқу орны білім үрдісін жүйелі жаңғыртып, жаңа технологияны нәтижелі қолданып, тәжірибеге бағдарланған оқыту моделін жүргізуде біздің оқытушыларымыз - жеке тұлғаның қалыптасуына ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар беруге бағытталған, ғылым мен тәжірибе жетістіктерін меңгерген жоғары кәсіби мамандар болып табылады.

Колледждің оқу – материалдық базасы спорт залы, акт залымен, кең көлемді кітапхана, оқу дәрісханалары, лабораториялар, шеберханалармен заманауи үлгіде жаңа технологиялармен жабдықталған.

Біз білім беру барысында татулық және достық шеңберін құра отырып, әр студентке саналы тәрбие мен сапалы білім беруге тырысамыз. Сапалы білім сіздердің алдарыңызда үлкен мүмкіншіліктер ашады.

О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалықколледжінің барлық қызметі сіздердің жан-жақты білім алып, қоғам өмірінің жаңа құбылыстары мен үрдістерін түсінетін, идеялық-адамгершілік, мәдениет және әдеп қағидаларының көзқарастары жүйесін меңгерген, сапалы білім алуға көмектеседі.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек деп ойлаймын.

Елбасымыздың халыққа жолдауында берілген Қазақстанның әлемдегі ен дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Осы орайда оқытушыға қойылатын талаптар да өте зор.

Мен сіздерді осы біздің колледж ұсынып отырған мүмкіндіктерді толық пайдалана отырып, шын мәніндегі өте жоғары білімді тұлға болып қалыптасады деген үміттемін және де сіздің білім алу жолындағы сапарыңызда шығармашылық және ғылыми еңбектегі жеңістер серік болсын, әрбір жаңа оқу жылы сіздің өмірдегі өз орныңызды тауып, ұлы еліміздің лайықты азаматы болып және басты мақсатыңызға жақындатсын деп тілегім келеді!

Сондай-ақ, қашан да көк байрағымыз желбіреп, тәуелсіздігін алған Қазақстанымыздың мәртебесін асқақтатып, мемлекеттік тіліміздің қадір-қасиетін ұғынып, үйренетін қазақстандық толыққанды азамат бейнесін қалыптастыруымыз керек деп ойлаймын.

Сөз соңында ағартушы-ғалым А. Байтұрсыновтың :«Бала оқытуын жақсы білейін деген адам – әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білу керек» - деген сөздерімен түйіндегім келеді.

 

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Колледж басшысы: 

Бекмагамбетов Далабай Оринбасарович

Мангистауская область, город Жанаозен, Мангистауский индустриально-технический колледж